384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Е.Максимнің анасы: Экран алдында уайымдап күтіп отырған ата-әжесі бар

  • 127
  • UPD: 22:00, 23.11.2019

Польшаның Гливице қаласындағы Арена стадионында Junior Eurovision-2019 ән байқауына соңғы дайындықтар пысықталуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шоудың әрбір секунды сценарийден ауытқымауы үшін ұйымдастырушылар және қатысушылар барын салып жатыр. Әлбетте, жеңімпаздың есімі сценарийде жазылмаған. Оны көрермендер, яғни сіз бен біз анықтайтын боламыз.

Ғалымжан Қараманұлы, тілші:

– Мұнда тартысты байқаудың шиеленесі жақындаған сайын қобалжулар мен толқулар тауысалар емес. Соңғы сәтте күтпеген «тосын сыйлар» да кездесіп жатыр. Мәселен, Ержанның құлаққабын қайта тексеру қажеттілігі туындаған сыңайлы. Қазақстандық тарап бұл олқылықтың орнын толтыру мақсатында бар күш-жігерлерін салуда. Ержанның сахнада сәтті өнер көрсетуі үшін әсіресе оның анасы Гүлмира Әлібек алаңдаулы. Ол бірнеше күн көз ілмей уайымдаумен келеді. Оған ауылдағы Ержанның барша туған туыстарын қосыңыз.

Гүлмира Әлібек, Ержан Максимнің анасы:

– Экран алдында әрине өзінің қобалжып, уайымдап күтіп отырған ата-әжесі бар. Тума-туыстарымыз бар, ағайындарымыз бар. Нағашылары Қызылордадан. Ондағы өзінің нағашы әжесі бар. Барша қазақ халқы бар. Ресейліктердің көбісі: «Біз Ержанға дауыс береміз, бізге ұнайды қолдаймыз», – деп жазады.

Ғалымжан Қараманұлы, тілші:

– Бір қуанарлығы, қобалжып тұрған Ержан жоқ. Ол әдеттегіше, мәз-мейрам. Бұл қасиеті оның жеңіске жетуіне көп көмегі тиері сөзсіз. Өздеріңіз көріп тұрғандай қатысушылар мен олардың қолдаушыларына арналған Buble room деп аталатын үлкен залда адам қарасы көп. Оларға әрлі-берлі жүгірген шығармашылық және техникалық топ пен жергілікті телеарналардың тілшілерін қосыңыз. Әлгінде ғана белгілі болғандай Ержанның құлаққабына қатысты техникалық проблема шешімін тапты. Енді біздің бала сахнаға шығып, тағы бір әзірлік жасауға сақадай дайын.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы.

Хабар 24 телеарнасы