384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Junior Eurovision: Гливице қаласында Аружан Хафиз де арнайы миссиямен жүр

  • 183
  • UPD: 18:04, 24.11.2019

Бүгін Junior Еurovision 2019 байқауы жеңімпазының есімі анықталатын күн. Биыл Қазақстанның атынан өнер сайысына Ержан Максим қатысып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Польшаның Гливице қаласында Ержаннан бөлек жерлесіміз Аружан Хафиз де арнайы миссиямен жүр. Ол қандай миссия және Ержанның жарыс алдындағы көңіл-күйі қалай?

Ғалымжан Қараманұлы, тілші:

- Junior Еurovision 2019 байқауына қатысу бір бөлек, көрерменнің және қазылар алқасының шешімін бүкіл әлемге жариялау бір бөлек әңгіме. Бұл жауапты міндет екінші жыл қатарынан жас блогер Аружан Хафизге жүктеліп жүр. Өткен жылы ол Данэлия Тулешованы қолдап, Минск қаласына барған болатын. Ал бүгін Аружан Гливиценің бас сахнасында тұр. Ол бүгін қазақстандық қазылар алқасы өз 12 балын кімге бергенін салтанатты түрде ағылшын тілінде жариялайтын болады.

Аружан Хафиз, Junior Eurovision-2019 байқауының қазақстандық амбассадоры

- Маған Ержанның әрдайым көтеріңкі көңіл-күйде жүретіндігі ұнайды. Ол ешқашан шаршамайды. Басқаларды энергиясымен қуаттандырады. Және ол өте еңбекқор бала. Орындайтын әні Ержанның бүкіл диапазонын ашып, оны жеңімпаз етеді деп сенемін.

Естеріңізге сала кетейік, дауыс беру үшін vote.junioreurovision.tv веб-сайтына кіріңіз. Ол сізді тура дауыс беру бөліміне апарады. Одан кейін қатысушылардың қысқа видеосын көріңіз және Ержанды сондай-ақ өзіңізге ұнаған кемінде тағы екі әншіні белгілеңіз. Соңында «сіздің даусыңыз қабылданды» деген жазу шығады. Бүгін «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінен сағат 21.00-де көрсетілетін шоудан кейін тағы да таңдау жасай аласыз.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы

Хабар 24 телеарнасы