427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Junior Eurovision: Финалист Қарақат Башанованың өнер көрсеткен сәтінен видео

  • 135
  • UPD: 13:43, 27.09.2020

Қарақат Башанова «Junior Eurovision» Ұлттық байқауының жеңімпазы! Ол 12 финалистің ішінен топ жарып шықты.

Қарақат бүгінгі шешуші сында әкесіне арналған әнді беріле орындады. 12 жастағы қаршадай қыздың өнеріне тәнті болған қазылар алқасының кей мүшелері көзіне жас алды. Қарақат Башанова Алматы облысы Рысқұлов ауылының тумасы. Жеңімпазды қазылар алқасынан бөлек көрермендер дауыс беру арқылы анықтады. 

Енді ол «Junior Eurovision-2020» халықаралық ән байқауына Қазақстан атынан қатысады. Айтулы ән сайысы 29 қарашада өтеді. Ұлттық іріктеу додасында еліміздің түкпір-түкпірінен 700 жас сынға түскенін айта кетейік.

Junior Eurovision. Ұлттық іріктеудің қатысушысы салған әннен әділқазылар алқасы көзіне жас алды

Хабар 24 телеарнасы