384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таиландта балалар күніне арналған шоу қайғылы оқиғамен аяқталды

  • 604
  • UPD: 19:18, 14.01.2017

Таиландта Ұлттық балалар күніне арналған мерекелік шара кезінде оқыс оқиға болды.

Әуе шоуына қатысып жатқан әскери ұшақтың бірі әуежайға құлап, соңы жарылысқа ұласқан. Бірден эвакуация жүргізіліп, көрермендер арасынан ешкім жапа шеккен жоқ. Алайда ұшқыш сол жерде тілге келмей, жан тәсілім етті. Қазір төтенше жағдай болған әуе айлағы жабық тұр. Апаттың нақты себебі әзірге белгісіз. Жергілікті билік оны анықтау үшін арнайы комиссия құрды.

Хабар 24 телеарнасы