389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Boeing 747 ұшағы Гонконг-Ыстамбұл бағыты бойынша құрғақ жүк тасымалдаған

  • 823
  • UPD: 21:55, 16.01.2017

Бішкектегі «Манас» әуежайының маңында апатқа ұшыраған Boeing 747 ұшағы Гонконг-Ыстамбұл бағыты бойынша құрғақ жүк тасымалдаған.

Бұл туралы түрік ақпарат құралдары xабарлап жатыр. Ал ұшақтың түркиялық Mycargo АСТ әуе компаниясына тиесілі екендігі белгілі болды.

Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, түркиялық Mycargo ACT әуе компаниясы 2004 жылы құрылып, дүниенің төрт бұрышына жүк тасымалы қызметін көрсетіп келеді. Компания ұшақтары көбіне бағалы заттар, дәрі-дәрмектер мен тез бүлінетін тағам өнімдерін және xимиялық заттарды, онымен қоса жан-жануарларды тасымалдайды екен. Сондай-ақ Ауғанстан мен Ирактың бірқатар қаласына тұрақты түрде чартерлік рейстері ұшады. Бүгінгі таңда компанияның иелігінде 8 ұшақ бар. Ал Бішкекте құлаған Boeing 747 ұшағы Түркияның Азаматтық авиациясында тіркелгені жөнінде ақпарат жарық көрді. Анадолы агенттігінің xабарлауынша, Түркияның Көлік, кеме қатынасы және коммуникация министрлігі апаттың себебін анықтау үшін екі сарапшысын жіберетін болды.

Атап өту керек, ресми мәлімет бойынша, апаттан 4 әуе кемесінің ұшқышы-түрік азаматтары қаза тапқан.

Авторы: Ержан Жүніс

Хабар 24 телеарнасы