389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аргентинада фермерлердің наразылық акциясы өтті

  • 421
  • UPD: 17:37, 25.04.2017

Аргентина астанасы Буэнос-Айресте 2 мыңнан астам шаруа наразылық шарасына шығып, 20 мың тонна көкөністі тегін таратты.

Фермерлер осы қадамы арқылы биліктен жерді жалдау және сатып алу мүмкіндігі мен жұмыс жағдайын жақсартуды талап етіп отыр. Олар биліктен жерді сатып алу үшін несие берумен айналысатын арнайы қор құруды сұрайды. Өйткені елдегі экономикалық дағдарыс салдарынан энергия тұтыну мен жерді жалдау құны шарықтап, фермерлер шығынға бата бастаған.

Элида Лейва, фермер:

- Үкімет бізге көмектеспейді. Сондықтан наразылық акциясын өткізуден басқа амалымыз қалған жоқ. Осы арқылы биліктің қазіргі жағдайымызға көңіл аударып, туындаған мәселені шешіп беруін қалаймыз.

Хабар 24 телеарнасы