386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гондурас билігі түрмедегі қылмыстық топтармен күрес жүргізуде

  • 470
  • UPD: 07:33, 18.05.2017

Гондурас билігі түрмедегі ұйымдасқан қылмыстық топтардың темір торда отырып та жоспарларын жүзеге асыруын тоқтату үшін жаңа шараны қолға алды.

Жоспарға сәйкес Тамара қаласындағы абақтыдан мұндай топтардың 2 мың мүшесін ауылды жерлердегі қатаң режимдегі түрмеге ауыстырды. Өйткені Тамарадағы орын қылмыскерлердің штабына айналған. Көшірілгендер арасында Латын Америкасы мен АҚШ-та әрекет еткен топтардың өкілдері бар.

Ал Гондурастағы 30 түрмеде 17 мың адам жазасын өтеп жатыр. Билік мұның шекті мөлшерден екі есе көп екенін айтады.

Хабар 24 телеарнасы