378,36 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ОПЕК-ке мүше елдер мұнай өндірісін едәуір қысқартты

  • 1580

ОПЕК-ке мүше мұнай экспорттаушы елдер маусым айында қара алтын өндірісін 106 пайызға дейін қысқартты.

Бұл туралы Ұйымның Бас хатшысы Мохаммед Баркиндо мәлімдеді. Айтуынша, бұл көрсеткіш мамыр айымен салыстырғанда біршама көп. Сондықтан қара алтын өндірісін қысқарту туралы келісім артығымен орындалып жатыр. Еліміздің энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, Баркиндо сейсенбі күні  ОПЕК министрлерінің бірқатарымен  кездесуді жоспарлап отыр. Әзірге басқосуда  не жайында  сөз болатыны белгісіз.

Айта кетейік,  Еуропа нарығында Brent маркалы мұнай 46,66 АҚШ долларына, ал WTI маркасы 44,16 АҚШ долларына саудаланды.

Хабар 24 телеарнасы