386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лас-Вегаста атыстан 20-дан астам адам қаза тапты

  • 445
  • UPD: 15:22, 02.10.2017

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы атыстан 20 адам қаза болды. 100-ден астамы түрлі дене жарақатын алды.

Бұл туралы қала шерифі Джозеф Ломбардо жергілікті телеарналарға берген сұхбатында мәлімдеді.

Деректер бойынша, белгісіз біреу  Mandalay Bay Hotel қонақ үйінің балконынан адамдарға оқ атқан. Полицейлер жергілікті тұрғындар мен қала қонақтарына оқиға болған жерден алшақ жүруге кеңес берді. Тергеу жалғасып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы