389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияның қаржы гвардиясы 24 миллион трамадол дәрісін тәркіледі

  • 543
  • UPD: 08:18, 04.11.2017

Италияның қаржы гвардиясы заңсыз тасымалданған 24 миллион трамадол таблеткасын тәркіледі.

Бұл дәрілік препараттың құрамында апиын бар. Заңсыз тауар Калабрия аймағында қолға түскен.

Үндістанда жасалған дәрі Италия арқылы Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс елдеріне жөнелтілмек болған. Оның жалпы құны 50 миллион еуроны құрайды.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, котрабандалық зат «Ирак пен Левант» лаңкестік тобымен байланысты болуы мүмкін. Өйткені трамадолды көбіне «содырлардың есірткісі» деп атайды.

Оның үстіне Араб елдерінде соғысып жүрген жауынгерлер ауруды жеңілдетіп, төзімділікті күшейту үшін осы препаратты жиі қолданады екен.

Хабар 24 телеарнасы