384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ирак суретшісі бояудың орнына кофені қолданады

  • 495
  • UPD: 10:30, 09.11.2017
Ирак суретшісі бояудың орнына кофені қолданады

Аркан әл-Джабери бұл техниканы кездейсоқ ойлап тапқан.

Бір күні шабыты келіп, сурет салмақ болғанда, қоңыр түсті бояу таусылып қалғанын байқайды. Кейін «орнына кофе қолдансам не болады» деген оймен іске кіріседі. Нәтижесі көңілінен шығып, осы техникаға машықтана бастаған. Әл-Джабери негізінен әйелдердің портретін салады екен. Туындылары көпшілікке ұнайтынын жасырмайды. Қазір әлеуметтік желіде 2 мыңнан аса оқырманы бар. Енді болашақта ол тек қана кофенің көмегімен салынған суреттердің көрмесін ұйымдастыруға ниетті екенін айтып отыр.

Аркан әл-Джабери, суретші:

– Кофемен сурет салу техникасы акварельмен жұмыс істеу әдісіне ұқсас келеді. Сондықтан суретшілер тез үйреніп кетуі тиіс. Бірақ бір кемшілігі, кофенің тек бір ғана түсі бар. Бұл жағдайда суды аз не көп қосу арқылы түсін өзгертуге болады.

Хабар 24 телеарнасы