389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мысырда 2 жарым мыңнан аса шіркеу бақылауға алынды

  • 476
  • UPD: 11:18, 30.12.2017

Мысырдағы шабуылды «Ирак пен Левант» лаңкестік тобы мойнына алды.

Кеше ел астанасы Каирдің іргесінде мотоциклге мінген содыр шіркеу алдындағы бақылау бекетінен өтпек болған. Алайда жолын полицейлер бөгеді. Мұның соңы атысқа ұласқан. Салдарынан қаскөй жараланып, күштік құрылым өкілдерінің қолына түсті. Тексеру кезінде одан қарумен қатар екі граната табылды. Елдің ішкі істер министрлігі өкілдерінің хабарлауынша, 7 адам ажал құшып, төртеуі жараланған. Марқұмдардың дені бейбіт тұрғындар болып шықты. Негізі бұған дейін Мысыр билігі Рождество және Жаңа жыл мерекелеріне орай қауіпсіздік шараларын күшейткен еді. Күштік құрылым өкілдері 2 жарым мыңнан аса шіркеуді бақылауға алған.

Хабар 24 телеарнасы