387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испания мен Португалия полицейлері кемеден 750 келіден астам кокаин тәркіледі

  • 469
  • UPD: 10:22, 19.01.2018

Испания мен Португалия полицейлерінің біріккен операциясы барысында кемедегі контейнерлерден 750 келіден астам кокаин тәркіленді.

Қаскөйлер оны ананастардың ішіне жасырып қойыпты. Күштік құрылым өкілдері сондай-ақ есірткі жасайтын зертхана мен 400 мың еуроға жуық ақша тапқан.

Бұл іске қатысты 9 адам қамауға алынған. Белгілі болғандай, оларға колумбиялық ағайындылар жетекшілік етіпті. Қылмыстық топ кокаинды теңіз арқылы алдымен Панамадан Португалияға, одан әрі Испанияға жіберіп отырған. 

Хабар 24 телеарнасы