385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркиядағы АҚШ елшілігі орналасқан көшенің атауы өзгертілді

  • 699
  • UPD: 21:01, 20.02.2018

Анкара муниципалитеті мәжілісінің шешімімен АҚШ-тың Түркиядағы елшілігі орналасқан Невзат Тандоған көшесіне «Зәйтүн бұтағы» деген жаңа атау берілді.

Көпшілік бұл қадамды Ақ үй басшылығының Таяу Шығыс аймағына жүргізіп отырған саясатына түрік билігінің наразылығы ретінде қабылдады. Өйткені ресми Анкара Вашингтонның Сириядағы күрд жасағына қолдау көрсетіп отырғанына үзілді-кесілді қарсы. Дегенмен, қала басшылығы көше атауы Сирияның Африн әскери оперциясында ерлікпен қаза тапқан түрік жауынгерлерінің құрметіне берілгенін атап өтті.

Еске сала кетейік, Түркияның қарулы күштері бір айдан бері Африн аймағындағы күрд жасақтарына қарсы «Зәйтүн бұтағы» операциясын жүргізіп келеді.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, осы аралықта ТГИЛ мен күрд жасағының 1 мың 600-ден астам лаңкесінің көзі жойылды. Сондай-ақ қарулы қақтығыстарда түріктің 32 әскері опат болды. 

Керим Байжин, Анкара қаласының тұрғыны:

- Өте орынды шешім. Түркия бұл мәселеде өзінің ұстанымын ашық білдіріп отыр. Үкімет тиісті шаралар қабылдады, біз қуаныштымыз. 

Айша, Анкара қаласының тұрғыны:

- Әлемдегі бүкіл мәселе көше атауының өзгертілуімен оп-оңай шешілсе қалса?! Өкінішке орай, олай болмайды.

Хабар 24 телеарнасы