384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


М.Цукерберг Еуропарламентпен кездесті

  • 338
  • UPD: 19:04, 23.05.2018
М.Цукерберг Еуропарламентпен кездесті

Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукерберг Еуропарламент депутаттарымен кездесті.

Ол жиналғандардан кешірім сұрап кеткен қателіктерді түзету үшін барлық шараларды қолға алып жатқанын мәлімдеді. деп хабарлайды Reuters ақпарат агенттігі. Жиын барысында бүкіл әлемді шулатқан Cambridge Analytica компаниясының дау-дамайына Facebook-тің қатысы талқыланды.

Айта кетейік, Президент Дональд Трамптың сайлауалды кoмпаниясын ұйымдастырған фирма Facebook желісін пайдаланушылары туралы жеке ақпаратты заңсыз қолданған. Ал Facebook болса бұл ақпараттардың академиялық мақсатта алынғанын айтады. Дегенмен көп ұзамай 87 млн адам туралы жеке мәлімет Cambridge Analytica компаниясына сатылған. Олардың көбісі – Еуропа тұрғындары. Сондықтан Еуропарламент бұл кездесуден мәселені шешетін жақсы жауаптар күтіп еді. Алайда Цукерберг үмітті ақтамады, деп жазды BBC арнасы. Біріншіден, қойылған сұрақтардың көбісі жауапсыз қалды. Ал екіншіден, жалған ақпараттың таратылуы мен жеке деректердің рұқсатсыз қолданылмауына ешқандай кепілдік жоқ дейді мамандар. Жалпы бұл кездесудің форматын Цукерберг өзі таңдады. Оның өзі қалаған сұрақтарына ғана жауап беруіне мүмкіндік берілді.

Филипп Ламбертс, Еуропарламент депутаты:

– Facebook қолданушылары мазаны ала беретін жарнамадан құтыла ала ма? Мен сізге бар-жоғы 6 сұрақ қойдым. Бірақ оның ешқайсысына тұщымды жауап ала алмадым. Не үшін кездесуді осындай форматта өткізуді сұрағаныңыз енді түсінікті болды.

Марк Цукерберг, Facebook басшысы:

– Сіздің қойған барлық сауалыңызға кейінірек толық жауап аласыз. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда болады.

Хабар 24 телеарнасы