386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Балаларды үңгірден шығару барысын құпия түрде ұстау ұйғарылды

  • 439
  • UPD: 22:59, 09.07.2018

Үңгірде қамалып қалған балаларды құтқару операциясының екінші кезеңі сәтті аяқталды.

Бұл туралы «Кхао Сот» интернет газеті хабарлады.

Таңертең басталған операция кезінде тағы 4 бала құтқарылып кешеден бері барлығы 8 адам үңгірден шығарылды. Бұқаралық ақпарат құралдары «құпия сақтау» режимінің қосылулы екені туралы хабарлады. Нақтырақ айтсақ, операцияға қатысушылар суретке түсіруге және әлеуметтік желіге осы операцияға қатысты қандай да бір ақпарат таратуға  қатаң тыйым салған.

Соңғы ресми деректерге сәйкес, құтқарушылар үңгірде қалған 5 адамды ертең алып шықпақ.

Еске сала кетейік, 12 футболшы бала жаттықтырушысымен бірге 23 маусым күні, Хуахани қаласының маңындағы тауға серуендеп барып, үңгірге кіреді. Бірақ аяқ астынан  жауын жауып, үңгірді су басып, қамалып қалған. Іздестіру жұмыстарының 13-күні олардың аман екені туралы ақпарат тарады. Алайда су басып қалған үңгірден оларды алып шығу мамандарға оңай болмай тұр.

Хабар 24 телеарнасы