376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ «Скрипаль ісіне» байланысты Ресейге санкция салды

  • 665
  • UPD: 15:23, 09.08.2018

АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізіп жатыр. Ақ үй әкімшілігінің айтуынша, бұл жолғы шектеу шараларына «Скрипаль ісі» себеп болған.

Себебі Ресей билігі  Сыртқы барлау қызметінің экс-агенті Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлияның улануы кезінде химиялық және биологиялық қару қолданып, халықаралық құқықты бұзған. Ресми ақпарат бойынша жаңа санкция 22 тамыздан бастап күшіне енеді. Ол бойынша Ресейге ұлттық қауіпсіздік саласында қолданылатын тауарлар, оның ішінде авиацияда қолданылатын электронды құрылғыларды экспорттауға тыйым салынады. Егер Мәскеу үш ай ішінде химиялық қару қолданбайтынына кепілдік бермесе және халықаралық инспекторларды тексеруге жібермесе, онда санкцияның екінші пакеті салынбақ. Онда «Аэрофлот» компаниясының АҚШ-қа ұшуына тыйым салып, екі жақты сауда-саттық көлемін барынша азайту көзделіп отыр. Ресейдің АҚШ-тағы елшілігі Фейсбук парақшасында бұл жаланы негізсіз деп мәлімдеді.

Айта кетейік, 4 наурызда Сергей Скрипаль мен оның қызы Солсбериде саябақта ес-түссіз күйде табылып, ауруханаға түскен. Тергеушілердің айтуынша, олар жүйкені зақымдайтын затпен уланған.

Хабар 24 телеарнасы