389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемде 9,5 млн астам адам обыр дертімен күресуде

  • 440
  • UPD: 16:46, 14.09.2018

Биыл дүние жүзінде 9 млн 6 мың адам обыр дертімен күресіп жатыр. Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, осы дерттен ер азаматтың әрбір сегізіншісі көз жұмса, нәзік жандылардың әрбір он біріншісі дүниеден өтеді.

Аты жаман аурудан 2012 жылы 8 милионнан астам адам қайтыс болса, биыл бұл көрсеткіш 14 миллионан асып жығылды. Обырды зерттеу халықаралық агенттігінің есебінше биылғы жылдың өзінде әлем бойынша 18 миллионнан аса жаңа ауру фактілері анықталуы мүмкін. Ал 2040 жылға қарай бұл көрсеткіш 29 миллионнан артық болмақ. Ғалымдар обырдың белең алуын кей елдегі тұрмыстық жағдайдың төмендігі мен өмір сүру салтымен байланыстырады.

Кристофер Уайлд, обырды зерттеу халықаралық агенттігінің директоры:

- Менің ойымша, обырдың дендеу үрдісі айтарлықтай өзгерген. Негізінде денеде артық салмақтың пайда болуымен қатар физикалық жаттығулардың кемуі бұған басты себеп болса керек-ті. Дұрыс тамақтанбау да демографиялық жағдайға айтарлықтай  кері  әсерін  тигізуі  мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы