385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинада бензин бағасы арзандады

  • 425
  • UPD: 21:55, 15.11.2018

Украинада жанар-жағармайдың бағасы бүгінде орташа есеппен алғанда 2 гривнаға, яғни шамамен 28 теңгеге дейін төмендеді, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Соңғы бір айдың көрсеткіші бойынша жанармай бекеттеріндегі бензин бағасы 10 пайызға дейін түскен. Отын бағалары әлі де арзандайды деп болжайды мұнай нарығының мамандары

Украинаға мұнай және мұнай өнімдерінің 80 пайызы шет елден тасымалданады. Сондықтан әлемдегі отын бағаларының өзгерісі мемлекетке айрықша сезіледі. Қазір әлемде мұнай арзандаған, сондықтан Украинаның отын операторлары соңғы 4 апта бойы бензин құнын 50 тиыннан 2 гривнаға дейін төмендетті.

Алексей Ластовец, Украина мұнай және газ нарығының сарапшысы:

- Украинадағы бензин бағасының төмендеуіне жаһандық факторлар да әсер етті. Айталық, әлемдегі мұнай бағасының бір баррелі 25 пайызға дейін арзандап, 64 доллар болды. Бұл Иранның мұнай экспортын арттыруы және ОПЕК-ке мүше елдердің ұстанымына байланысты. Иранға қатысты санкция алдында мұнай бағасы арзандады.

Украинаның мұнай нарығы доллар бағасына да тәуелді. Жыл басында елдегі отын бағасы шарықтап, бұрын-соңды болмаған тарихи көрсеткішке жеткен еді. «Сондықтан бензин бағасының бүгінгі төмендеуі әділетті», – дейді сарапшылар.

Александр Сиренко, Украина мұнай және газ нарығының сарапшысы:

- Бензин бағасы әлі де 1,5 гривнаға төмендейді деп отырмыз. Бұл жүргізушілер үшін жақсы жаңалық, әрине, жанармай бекеттеріндегі кезекті көріп тұрсыз. Мұнай өнімдерінің сатылымдары да жақсарды. Бензиннен бөлек газ және дизель отынының бағалары да арзандауы тиіс.

Алайда халықтың пікірі сан алуан. Бірі бағаның төмендегеніне қуанады. Бірі бағаның арзандағаны сезілмейді деп кейіп танытады.

Украина отын нарығының сарапшылары бензин бағалары ғана емес, дизель отыны мен сұйытылған газдың да құны 7-ден 10 пайызға дейін төмендейді деп болжайды.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Михаил Мищенко

Хабар 24 телеарнасы