387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Экологтар көмірді пайдалануды тоқтатуға шақырды

  • 556
  • UPD: 07:38, 29.11.2018
Экологтар көмірді пайдалануды тоқтатуға шақырды Liter.kz

Польшада Greenpeace өкілдері үкіметтің энергетика саласындағы саясатына наразылық білдірді.

Олар биліктен көмірді пайдалануды тоқтатуды талап етіп отыр. Шара Катовице қаласында өтетін БҰҰ-ның климат жөніндегі конференциясына орай ұйымдастырылды. «Табиғат жанашырлары Белхатув қаласындағы станция – Еуропа экологиясына зиян келтіріп отырған нысан», – дейді. Ал Польша энергетика министрлігі 2030 жылға дейін көмірді қолдануды 60 пайыз азайтатынын айтады. Билік сондай-ақ 2040 жылға қарай жаңа атом және жел станцияларын салуға уәде етіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы