388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иракта су тасқынынан адамдар қаза тапты

  • 502
  • UPD: 15:25, 03.12.2018

Ирактың Мосул қаласында бірнеше күн толассыз жауған жауын су тасқынына ұласты. 4 адамның қайтыс болғаны жайында ақпарат бар. 

Қаладағы барлық ғимараттар, жолдар мен тұрғын үйлер су астында қалды. Шамамен 85 отбасы баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болды. Мектептер мен кеңселер өз жұмысын тоқтатты. Тигр өзенімен өтетін көпірге айтарлықтай зақым келген. Тұрғындар жерасты су құбырлары дұрыс істемейді деп билікті кіналауда. Ал синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Олар алдағы күндері де жауын жауады деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы