386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чилиде жеміс-жидек экспорты 95 процентке құлдырады

  • 575
  • UPD: 09:35, 20.12.2018
Чилиде жеміс-жидек экспорты 95 процентке құлдырады FruitNews

Чилиден жеміс-жидек таситын елдер қара-жидек, шабдалы мен кивиден қағылуы мүмкін.

Себебі, аталған елдің жеміс экспорты 95 процентке құлдырады. Бұған елдің бас порты Вальпара-Исода қарашада басталған жұмысшылардың көтерілісі себеп. Порт қызметкерлері жұмыс берушілермен ресми келісім жасалғанын, сондай-ақ сыйақы төлеуін талап етуде. Бұған порт әкімшілігімен жүргізілген келіссөздер еш нәтиже бермеген көрінеді. Үдей түскен қарсылық акциясы көшедегі қақтығыстарға ұласып кетті. Полиция көтерілісшілерге қарсы жасаурататын газ бен су атқыштарын қолданса, белсенділер оларды таспен атқылады. Порт жұмысшылары алған беттен қайтпайтынын айтады. Наразылық акциясына оңтүстікамерикалық елдің өзге де сауда порттары қосылып жатыр. Чилидің ауылшаруашылық министрі болса сыртқы нарықта экспорт жоспарлы түрде іске аспаса, экономикалық жағдай ушығатынын айтады.  

Хабар 24 телеарнасы