378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бішкекте жедел жәрдем қызметі автоматты жүйеге қосылды

  • 292
  • UPD: 13:21, 29.12.2018
Бішкекте жедел жәрдем қызметі автоматты жүйеге қосылды

Қырғызстан астанасы Бішкекте жедел жәрдем қызметі толықтай автоматты жүйеге қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді азаматтардың барлық қоңырауы компьютер арқылы сұрыпталады. Дәрігерлер кезек күтіп отырған науқастардың санын да онлайн біліп отырады. Мамандар «цифрлық жүйеге көшу жедел жәрдем қызметінің сапасын арттырады», - дейді. Өйткені соңғы уақытта тұрғындардың шағымы көбейіп кеткен. Ақ халаттылардың айтуынша, шаһар тұрғындары тұмау тиіп, қызуы көтерілсе де, жедел жәрдем шақырады. Соларға барамын деп жүріп шұғыл көмек керек науқасқа үлгермейді. Оның үстіне маман тапшы. Ал диспетчерлер қоңырау қабылдап үлгермейді. Автоматты жүйе осындай мәселелердің шешілуіне оң әсер етуі тиіс.

Егор Борисов, Бішкектің жедел жәрдем орталығының бөлім меңгерушісі:

- Жобаны екі жыл дайындадық. Әрине, әуелі Қазақстан, Ресей, Оңтүстік Корея елдерінің тәжірибесін меңгердік. Сосын оны өзіміздікіне бейімдедік. Мақсат - міндентімізді айқындап, мүмкіндіктерімізді бағамдадық. Ақыры қолданысқа енгіздік.

Хабар 24 телеарнасы