411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жерорта теңізінде өткен жылы 2260 мигрант көз жұмған

  • 897
  • UPD: 10:14, 04.01.2019
Жерорта теңізінде өткен жылы 2260 мигрант көз жұмған

2018 жылы Еуропаға бет алған 2 мың 260 мигрант діттеген жеріне жете алмай, Жерорта теңізінде көз жұмған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігі хабарлады. Жерорта теңізі бүгінде бас сауғалаған босқындар үшін ең қауіпті жол болып отыр. Халықаралық ұйымның мәліметі бойынша осы бағытпен Еуропаға ең көп мигрант Гвинеядан келген. Одан соң Марокко, Мали, Сирия, Ауғанстан және Ирак азаматтары өзге елден пана іздегендердің қатарында. Жалпы Еуропаға келген келімсектердің саны биыл 113 мың 482 адамды құрайды. Олардың басым бөлігі Испанияда тіркелген. Ал, ағымдағы жылдың үш күнінде испандық жағалау қызметі теңізден 400 адамды құтқарып үлгерді.

Хабар 24 телеарнасы