418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Эквадорда емдеу орталығындағы өрттен 18 адам көз жұмды

  • 822
  • UPD: 12:20, 13.01.2019
Эквадорда емдеу орталығындағы өрттен 18 адам көз жұмды

Эквадордың Гуаякиль қаласында есірткі мен ішімдікке салынғандарды емдейтін орталықта өрт шығып, 18 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Марқұмдар түтінге тұншығып көз жұмған. Дәрігерлердің айтуынша, тағы 12 тұрғын жарақат алған. Әзірге өрттің неден тұтанғаны белгісіз. Бірақ кей ақпарат құралдарының хабарлауынша, науқастар орталықтан шығу үшін қасақана от қоюы мүмкін деген дерек бар.

Хабар 24 телеарнасы