384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Палестина «77 тобы» ұйымына төраға болды

  • 401
  • UPD: 21:41, 17.01.2019
Палестина «77 тобы» ұйымына төраға болды

Палестина БҰҰ шеңберіндегі ең беделді «77 тобы» ұйымына төраға болды.

Тарихи оқиғаға орай осы елдің президенті Махмуд Аббас Нью-Йоркке арнайы барды. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш те бұл шешімнің маңыздылығын атап өтті. «Себебі Палестина БҰҰ-да тек бақылаушы мемлекет мәртебесіне ие болса да осындай жауапты істі қолына алып отыр», – деді ол.

Айта кетейік, «77 тобы» ұйымы 1964 жылы Азия, Африка және Латын Америка дамушы елдері министрлерінің кездесуінде құрылған. Бастапқыда 77 мемлкетті қамтыған ұйымға қазір 134 мемлекет мүше.  Ұйымның басты мақсаты – дамушы елдер арасындағы сауда-экономикалық, қаржы және техникалық ынтымақтастықты дамытып, халықаралық сахнада бірігіп әрекет ету.

Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы:

- Төрағалықты қолына алған Палестина тұсында «77 тобымен» ынтымақтастық одан әрі дамиды деп сенемін. Себебі халықаралық күрделі мәселелерді шешуде Палестинаның тәжірибесі мол. Мысалы, кедейшілікпен күресті айтуға болады. 

Хабар 24 телеарнасы