419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуропалық жастар шаһары атануға Ресейдің екі бірдей қаласы үміткер

  • 1167
  • UPD: 17:14, 23.01.2019

Ресейдің Қазан мен Ульяновск қалалары 2022 жылғы Еуропалық жастар шаһары атауына үміткерлер тізіміне енгізілді.

Жалпы тізімде 12-і қала бар. Олардың арасында Испанияның Бильбао, Польшаның Гдыня мен Познань және Нидерландтың Лейден шаһары бар. Қазылар алқасы бұл 12 шаһарды 50 үміткердің ішінен таңдап алды. 

Жыл сайын Еуропа құрлығында жастар қаласы мәртебесі анықталып, әлгі қала оларға арнап, бағдарлама жасайтыны белгілі. Яғни, инновациялық жобаларын көрсетуге мүмкіндік алады. Бұл үрдіс 10 жылдан бері жалғасып келеді. Ал 2022 жылғы Жастар шаһары атануға Ресейдің екі бірдей қаласы: Қазан мен Ульяновск дайын отыр.

Григорий Петушков, РФ Жастар және балалар бірлестіктері ұлттық кеңесінің басшысы:

- Қаланың мақсаты жастар ұйымдары мен мемелкеттік органдар арқылы азаматтық қоғамның ынтымақтастығын көрсету. Және де жастардың қаланың дамуына белсенді түрде араласуын қамтамасыз ету.

Григорий Гуров, РФ Жастар істері жөніндегі федералдық агенттік басшысының кеңесшісі:

- Қазан дамыған замануи, көрікті қала, әлемге аян аймақ десек те жарасады. Татарстанның астанасы байқауға жастарды мемлекеттік саясатқа белсене араласуды паш ететін бірегей жобасын ұсынды. Ал Ульяновск мәдени тамыры терең аймақ. Бұл өңір болса, сайысқа жастарға арналған инфрақұрылымды дамыту ісімен түсуде.

Ресейде бұл байқауға үлкен көңіл бөлініп отыр. Мемлекет келешекте осыған ұқсас Ресейдің жастар қаласы байқауын ұйымдастыруды қолға алмақ. Себебі жастар саясаты мемлекеттік дамудың басты бағыттарының бірі. Оны жүзеге асырудың 2025 жылға дейінгі негіздері бекітілген. Бұл Жастар жөніндегі федералдық агенттікке жүктелген. Мекеменің басты міндеті - жас ұрпақтың өз әлеуетін жүзеге асыруына жағдай жасау. Осы мақсатта Росмолодежь гранттық қоры 10 есеге ұлғайтылды.

Григорий Гуров, РФ Жастар істері жөніндегі федералдық агенттік басшысының кеңесшісі:

- Бұл қордың қаржысы қазір 2,5 миллиард рубль. Біздің іс-әрекет осы қорға байланысты. Оның басым бөлігі еріктілер мен студенттік бастамаларға қолдау көрсетуге арналған. Сондай-ақ медиажобалар мен кәсіпкерлікті, діни бірлестіктермен ынтымақтастықты, қиын жағдайға тап болған жастарға көмек беру және жас ғалымдарға қолдау көрсету сынды жұмыстарды жүзеге асыруға бағытталған. 

«Росмолодежь» агенттігі Қазақстанмен тығыз ынтымақтастық орнатқан. Соның бір дәлелі президент Назарбаевтың биылғы жылды Жастар жылы деп атауына орай екі мемлекет жазда Қазақстан-Ресей жастар форумын өткізуді жоспарлап отыр.

Авторлар: Дана Нұржан, Александр Любителев

Хабар 24 телеарнасы