418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияда «Ирак және Левант лаңкестік ұйымының» соңғы бекінісіне шабуыл жасалды

  • 914
Сирияда «Ирак және Левант лаңкестік ұйымының» соңғы бекінісіне шабуыл жасалды Republic.ru

Сирияда оппозициялық күштер АҚШ әскерінің қолдауымен «Ирак және Левант лаңкестік ұйымының» соңғы бекінісін шабуылдауға көшті.

Шайқас Иракпен шекаралас Дейр-эз-Зор аймағында жүріп жатыр. Оппозиция өкілдері әскери операция 4-5 күннің ішінде аяқталуы мүмкін деп отыр. Шабуылды бастамас бұрын осы ауданнан 20 мыңнан астам тұрғын эвакуациялаған. Айта кетейік, өткен апталарда АҚШ президенті Дональд Трамп та Сириядағы «Ирак және Левант лаңкестік ұйымы» жақын уақытта толық талқандалып бітеді деп мәлімдеген еді. Бірақ сарапшылар содырлар қолындағы соңғы жерлерден айырылғанмен, жасырын әрекет етуге қауқарлы деген пікірде. Себебі БҰҰ мәліметіне қарағанда, Ирак және Сирияда бұл лаңкестік топтың әлі 18 мыңға дейін содыры әрекет етеді екен.

Хабар 24 телеарнасы