389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Николас Мадуро халыққа азық-түлік тарата бастады

  • 546
  • UPD: 14:05, 12.02.2019
Николас Мадуро халыққа азық-түлік тарата бастады ТАСС

Үкіметтік қолдау бағдарламасы аясында үлестіріліп жатқан макарон, күріш, қант және өсімдік майы шекараның арғы бетінде қаңтарылып тұрған гуманитарлық көмектің де тізімінде бар.

Алайда оппозиция басшысы Хуан Гуаидо ұйымдастырған АҚШ-тың гуманитарлық жәрдемін Венесуэла әскері елге кіргізбей тұр. Мұнай қоры бойынша әлемде жетекші орында болғанымен, Венесуэланың әл-ауқаты соңғы жылдары нашарлады. Күн көріс қиындай түскендіктен, миллионаған адам елден үдере көшкен. 

Нелли Мендоза, жергілікті тұрғын: 

- Бұл бір реттік акция ғана болмай, ары қарай жалғасын тапса деймін. Себебі, қазір халық қиын күндерді басынан кешуде. Сондай-ақ қажет заттардың жетіспеушілігі қатты байқалатын ауруханаларға да барғаны жақсы болар еді. Ондағы дәрі-дәрмек жоқтың қасы. Сырқаттанып жатқандар мен обыр дертіне шалдыққан балалар бар. Оларға көмек ауадай қажет. Сондықтан қажет заттарды бұл жерде ғана емес, өзге де жерлерге барып таратса деймін.

Хабар 24 телеарнасы