386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғарышты қоқыстан тазалайтын аппарат сынақтан өтті

  • 797
  • UPD: 16:21, 19.02.2019

Ғарыштағы қоқысты жинауға арналған Римув Дэбри атты құрылғы екінші сынақтан сәтті өтті. Британдық мамандардың айтуынша, бұл арнайы сүңгі арқылы орбитадағы нысандарды жерге түсіруге болады.

Сынақ кезінде құрылғы ғарыштағы арнайы панельді тесіп өткен. Жобаны Еуропалық комиссия ішінара қаржыландырып келеді. Бүгінде ғалымдардың есептеуінше ғарышта жеті мың тонна қоқыс бар. Оның қатарында ескі зондтар, кеме қирандылары тіпті ғарышкерлердің жоғалтып алған құралдары да бар.

Саймон Феллоуис, Remove debris жобасының менеджері:

- Алдыңғы миссиядан ғарышта қалып қойған қоқыстар кемелердің жолына кедергі келтіруі мүмкін. Ал егер секундына 75 шақырымды бағындырып келе жатқан екі нысан соқтықса оның салдары жантүршігерлік апатқа әкеледі. Салдарынан қоқыстардың қатары еселеніп, мәселе ушыға түсері анық.

Хабар 24 телеарнасы