419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлыбританияда үш депутат Консервативті партиядан шықты

  • 910
  • UPD: 07:38, 21.02.2019
Ұлыбританияда үш депутат Консервативті партиядан шықты

Британдық парламенттің Қауымдар палатасының үш депутаты Консервативті партиядан шығатынын мәлімдеді.

Бұған брексит мәселесі түрткі болды. Анна Собри, Сара Уолластон мен Хайди Аллен саяси ұйымнан кету себептерін Ұлыбританияның премьеріне жазған хатында түсіндіріпті. Олар бір кездері сеніп дауыс берген партия лидері Тереза Мэйдің оңшылдар саясатының жетегінде кеткеніне қынжылыс білдірді. Өйткені оңшыл партияның фракциясы Брюссельмен ортақ мәмілеге келгісі келмейді. Осылайша консервативті партияның депутаттары парламенттегі тәуелсіз топқа қосылатын болды.

Естеріңізге салсақ, бұл топты оппозициялық партия құрамынан шыққан 8 лейборист құрған. Олардың пікірінше, лейбористердің көшбасшысы Джереми Корбин  Ұлыбританияның одақтан жоспарсыз бөлінбеуі үшін тиісті  шара қолданып жатқан жоқ. Консервативті партияның бұрынғы депутаттары Мэй туралы дәл осындай пікірде.  

Хабар 24 телеарнасы