389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Идлибтегі содырларға соққы берілді

  • 584
  • UPD: 13:33, 09.03.2019
Идлибтегі содырларға соққы берілді

Сирияның үкімет әскері Идлиб провинциясының оңтүстігіндегі қарулы топтарға соққы берді. Шайқас кезінде қаза тапқандар мен жараланғандар туралы әзірге мәлімет жоқ.

Ақпарға қарағанда әскерилер «Джебхат ан-Нусра» тобының лаңкестері бекінген Хан-Шейхун мен Кафир-Зита мекендерін ауыр зеңбіректермен атқылаған. Себебі бұл қарулы топ соңғы уақытта Хама мен Латакияны шабуылдауды жиілетіп, өз бақылауындағы жерлерді кеңейтуге күш салуда. Айта кетейік, Идлиб аймағы қарулы топтардың қолында қалып отырған Сирияның ең үлкен өңірі. 2017 жылы онда солтүстік деэскалациялық аймақ құрылып, оппозициялық қарулы топтардың қоныстануына жағдай жасалған.

Хабар 24 телеарнасы