383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перуде кемеден 2 тоннаға жуық кокаин табылды

  • 381
  • UPD: 17:26, 09.03.2019
Перуде кемеден 2 тоннаға жуық кокаин табылды

Перуде полиция теңізде кетіп бара жатқан кемеден 1 мың 700 келі кокаин тауып, есірткімен айналысушы қылмыстық топтың жолын кесті.

Заңсыз жүкке қатысы бар 8 адам тұтқындалды. Тергеушілердің айтуынша, арнайы қапшықтарға салынған есірткі АҚШ-қа апарыла жатқан. Оның қара нарықтағы құны – 47 миллион доллар. Қазір бұл іске қатысты тергеу жүріп жатыр.

Айта кетейік, Перу әлемде кокаин өндіру бойынша Колумбиядан кейін екінші орынды алады.

Хабар 24 телеарнасы