383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пучдемон Еуропарламент сайлауына қатысады

  • 285
Пучдемон Еуропарламент сайлауына қатысады

Каталония үкіметінің бұрынғы басшысы Карлес Пучдемон өзі басқаратын «Бәріміз бірге Каталония үшін» саяси партиясы атынан мамыр айының соңында Еуропарламент сайлауына қатыспақ.

«Испан аймағының өз тағдырын шешу құқығына халықаралық маңыз беруге тағы бір қадам жасайтын уақыт келді: Еуропа жүрегінен бүкіл әлемге» деп жазды ол Twitter парақшасында. Айта кетелік, Каталонияның бұрынғы басшысы қазіргі таңда Бельгияда тұрып жатыр. 1 жарым жыл бұрын ол Каталонияның тәуелсіздігі бойынша өткен референдумнан кейін тұтқынға алынбау үшін Брюссельге қашқан еді. Испанияның жоғарғы соты сол кезде дауыс беру нәтижесін заңсыз деп танып, Пучдемон мен оның 5 жақтасын қамауға алу бойынша халықаралық ордер берген болатын.

Хабар 24 телеарнасы