385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда жасөспірімдер бастауыш мектепте 6 адамды атып өлтірді

  • 525
  • UPD: 22:25, 13.03.2019
Бразилияда жасөспірімдер бастауыш мектепте 6 адамды атып өлтірді

Бразилияда екі жеткіншек бастауыш мектепке баса көктеп кіріп, оқ атқан. Оқиға шамамен таңғы сағат 9:30-да болды.

Сан-Паулу полициясының хабарлауынша, қаскөйлер 5 бүлдіршін мен 1 мектеп қызметкерін жер жастандырып, артынша өздеріне қол жұмсаған. Оқ тиіп жараланған тағы бірнеше оқушы ауруханаға жеткізілді. Жасөспірімдердің ойран салуына не себеп болғаны белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр. Жалпы Бразилияда қару ұстауға қатысты заң қатал болғанымен, оған заңсыз түрде қол жеткізу оңай.

Хабар 24 телеарнасы