419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жаңа Зеландияда лаңкестікке қатысты тергеу жалғасып жатыр

  • 843
  • UPD: 23:43, 15.03.2019
Жаңа Зеландияда лаңкестікке қатысты тергеу жалғасып жатыр Sputnik Грузия

Жаңа Зеландиядағы шабуылға қатысты қамауға алынған 4 адамның біріне айып тағылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы біреуі бостандыққа жіберілді. Қалған екеуі қамауда. Адамдарды аяусыз қырғандардың бірі 28 жастағы австралиялық азамат ғаламторда үндеу жариялап, АҚШ-та азаматтық соғыс бастауды армандайтынын мәлімдеген. Қазір тергеу жалғасып жатыр.

Еске сала кетейік, бүгін Жаңа Зеландияның Крайстчёрч қаласында белгісіз біреулер екі мешітке кіріп, жұма намазын оқуға жиналған адамдарға оқ жаудырды. 50-ге жуық адам қаза тауып, тағы елуге жуық тұрғын жарақат алды. Еліміздің Сыртықы істер министрлігінің хабарлауынша, жапа шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ.

Хабар 24 телеарнасы