376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Брюссельде Еуроодақ пен ЕАЭО арасындағы ынтымақтастық талқыланды

  • 171
  • UPD: 08:55, 18.03.2019
Брюссельде Еуроодақ пен ЕАЭО арасындағы ынтымақтастық талқыланды

Лиссабон мен Владивостокқа дейінгі аралықта жатқан елдер ынтымақтастықты ныйғайту үшін бір-бірін түсініп, әрекет етуі керек.

Брюссельде өткен «Евразияны Атлантикадан Тынық мұхитына дейін байланыстыра отырып» атты конференцияда осындай пікірлер айтылды. Ауқымды шараға сарапшылар, трансұлттық компания басшылары, ғалымдар және дипломаттар қатысты. Жиында екі жақты серіктестіктікті дамытудың маңыздылығы мен жолдары талқыланды. Айта кетейік, екі сауда аймағы арасындағы алғашқы байланыс Еуропалық бизнес қауымдастығы мен Бельгия-Люксембург сауда-өндірістік палатасы ұйымдастыруымен өткен болатын. 

Айгүл Құспан, Қазақстан Республикасының Бельгиядағы Төтенше және өкілетті елшісі:

- Биыл Еуразиялық экономикалық одақтың 5 жылдығын және Президент Назарбаевтың Еуразия бірлестігін құру туралы бастамасының 25 жылдығын атап өтіп жатырмыз. Біз үшін Еуроодақпен серіктестік басым бағыттардың бірі. Саяси күштер әріптестіктің қажеттілігін түсінеді. Бірақ қазіргі уақытта бұған санкциялар, сауда соғыстары, саяси қақтығыстар кедергі келтіруде.

Романо Проди, Халықаралық ынтымақтастық қорының басшысы:

- Қазақстан Жібек жолын жаңғыртуды қалайды. Қытаймен көршілес жатқан қазақ елі Еуроодақпен тығыз байланысты жан-жақты дамытып келе жатыр. Еуроодақ пен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы сауда айналымы қазір біршама төмендеген. Бірақ келешекте оның деңгейі қайта көтерлетініне сенімдімін.

Хабар 24 телеарнасы