384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ирандықтар Ұлыстың ұлы күнін қалай қарсы алады

  • 1250
  • UPD: 23:15, 21.03.2019

Иран елі де Наурыз мейрамын ерекше тойлайды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

13 күнге созылатын мерекеге жұрт айлап дайындалады. Үйлерін жинап, көше бойын тазартады. Сосын от жағып, көшеде әндетіп серуен құрады.

Наурыз мейрамын ирандықтар ежелден тойлап келеді. Халық ескі жылды от жағу дәстүрімен шығарып салады. Жиналған жұрт оттың үстінен секіріп, осылайша ауру-сырқаудан арылып, оның орнына қуанышқа бөленетініне сенеді.

Мари Харди, Тегеран тұрғыны:

- Осы кеште отбасымен бірге бас қосамыз. Дәстүр бойынша әрбір ирандық туыстары үшін жаңғақ пен жеміс аралас аджил тағамын әзірлеп, палау пісіреді.

Ирандағы Наурыз Қажы Фирузасыз өтпейді. Ол алқызыл киім мен басына қалпақ киіп, бетіне күл жағады. Көшелерді аралап, ән айтып, би билеп жүреді.

Шади Хушана, Тегеран тұрғыны:

- Иранда Жаңа жылға шырша әшекейлеу салты жоқ, оның орнына дастархан жайып, 7 тағам түрін қоямыз. Бұл – біз үшін маңызды дәстүр.

Иранда Наурыз – отбасылық мереке. Халық жақындарымен бірге  мейрамды қарсы алып, туыстары мен достарына сыйлықтар таратады. Жаңа жыл 13 күн тойланады.

Авторлары: Юлия Гнатюк, Дмитрий Лукша, Махмуд Махмуди

Хабар 24 телеарнасы