377.73 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Йеменде ауруханаға зымыран түсіп, 7 адам қаза тапты

  • 140
Йеменде ауруханаға зымыран түсіп, 7 адам қаза тапты Полит.ру

Йеменнің солтүстік-батысындағы ауруханаға зымыран түсіп, жарылыс салдарынан 7 адам көз жұмды.

Олардың төртеуі – балалар. Тағы 8 бейбіт тұрғын түрлі деңгейде жарақат алған. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, зымыран Саад қаласындағы жергілікті аурухананың кіреберісінде орналасқан жанармай бекетіне түскен. Зардап шеккендерге «Балаларды құтқарыңдар» халықаралық ұйымы көмек көрсетуде. Әзірге шабуылды ешқандай ұйым өз мойнына алмады. Алдын ала ақпарлар бойынша, әуеден келген шабуылды бүлікшілермен қақтығысып жүрген Эр-Риядтың коалициясы жасауы мүмкін. Айта кетейік, бұл колация Йеменнің барлық әуе аумағын бақылауда ұстайды.

Хабар 24 телеарнасы