388,70 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақ Ливияда бітім орнатуға шақырды

  • 342
Еуроодақ Ливияда бітім орнатуға шақырды

Еуроодақ Ливиядағы қақтығысты дереу тоқтатуға шақырды.

Бұл туралы Люксембургте өткен ЕО елдерінің Сыртқы істер министрлері кеңесінде еуропалық дипломатия басшысы Федерика Могерини мәлімдеді. Оның айтуынша, ең алдымен гуманитарлық бітім орнатып, саяси келіссөздерге оралу қажет.

Федерика Могерини, Еуроодақтың жоғарғы өкілі:

– БҰҰ комиссиясының ұсынысы сай барлық тарапты бейбіт бітімге шақырамыз. Сондай-ақ әскери қақтығысты шектеуді талап етеміз. Және БҰҰ шеңберінде мәселені келіссөздер арқылы шешуді ұсынамыз. Себебі Триполиден жеткен ақпараттар көңіл көншітпейді.

Хабар 24 телеарнасы