384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде арнайы операция кезінде 2 содырдың көзі жойылды

  • 337
Ресейде арнайы операция кезінде 2 содырдың көзі жойылды

Ресейдің Тюмень қаласында «Ирак және Левант лаңкестік ұйымының» мүшелеріне қарсы арнайы операция жүргізіліп, 2 содырдың көзі жойылды.

Мәліметке қарағанда, олар қоғамдық орында лаңкестік әрекет жасауды жоспарлаған. Осы туралы ақпар түскеннен кейін қауіпсіздік күштері содырлар тығылған жер үйді қоршап, лаңкестердің берілуін талап етті. Бірақ қаскөйлер арнайы қызметтің сарбаздарына оқ атып, қарсылық танытты. Арада атыс басталып, лаңкестердің көзі жойылды. Қазір лаңкестік топтың құпия әрекеттері тексеріліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы