376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та торнадодан 4 адам қаза тапты

  • 121
АҚШ-та торнадодан 4 адам қаза тапты youtube.com

АҚШ-тың Техас пен Миссисипи шаттарынада ойран салған бірнеше торнадодан қаза тапқандардың саны төртке жетті.

Бұған дейін Франклин қаласында 2 бала мерт болғанын хабарлаған едік. Тағы онға жуық адам түрлі жарақат алған. Ал Альто қаласында 25 тұрғын жарақат алып, ауруханаға түсті. Қатты желден электр желілері үзіліп қалған. Аймақта көлік қатынасы тежелді. Жол бойында тұрған көліктерге ағаштар құлап жатыр. Мамандардың айтуынша, торнадо Джорджия штатына дейін жеткен. Табиғат апатынан 6000-нан астам әуе рейсі кейінге шегерілді.

Хабар 24 телеарнасы