377.97 423.44 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ 8 елге Иран мұнайын импорттауға тыйым салды

  • 199
АҚШ 8 елге Иран мұнайын импорттауға тыйым салды

Вашингтон 8 елге Иран мұнайын импорттауға тыйым салды.

Олай болмаған жағдайда бұл елдерге АҚШ-тан санкциялар салынатын болады. Бұл жаңалық Washington Post газетінде жарияланды. Қазірдің өзінде Грекия, Италия мен Тайвань Ираннан мұнай сатып алуды мүлдем тоқтатты. Енді қалған 5 ел мамырдың екісіне дейін импортты барынша қысқарту керек. Ал Сауд Арабиясы мен Бірікке Араб Әмірліктері болса, бұл елдерге шығынның орнын толтырамыз деп бекініп отыр. Естеріңізге салайық, өткен жылдың қараша айында Құрама штаттары Иранның қара алтынына кезекті санция салған болатын. Оған АҚШ-тың Иран ядролық келісімінен шығуы себеп болды.

Хабар 24 телеарнасы