379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинаның жаңа басшысын әлем көшбасшылары құттықтап жатыр

  • 383
  • UPD: 16:50, 22.04.2019
Украинаның жаңа басшысын әлем көшбасшылары құттықтап жатыр Foto: EPA/Scanpix/LETA

Украина Орталық сайлау комиссиясы бюллетеньдердің 95 процентін есептеп, 73,18 процент дауыспен 41 жастағы актер Владимир Зеленскийдің жеңіске жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

 Украинаның жаңа басшысын бірден әлем елдерінің көшбасшылары құттықтай бастады. АҚШ президенті Дональд Трамп пен Франция Президенті Эммануэль Макрон телефон арқылы қоңырау шалып, Зеленскийді жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтаған. 

Сондай-ақ Германия Канцлері Ангела Меркельдің жаңа басшыны құттықтаған жеделхаты ресми сайтқа жарияланды. Онда Меркель Зеленскийге сәттілік тілеп, екіжақты серіктестікті талқылау үшін Берлинде күтетіндігін айтқан.

Еурокеңес және Еурокомиссия басшылары Дональд Туск пен Жан-Клод Юнкер де құттықтау хатын жолдап, жақын арада Владимир Зеленскиймен  жеке кездескісі келетіндіктерін жеткізді. 

Хабар 24 телеарнасы