379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда «от шайқасы» өтті

  • 100
Үндістанда «от шайқасы» өтті

Үндістан халқы Дургу Парамешвариді еске алуға арналған дәстүрлі «от шайқасы» мейрамын атап өтті. Шараға қатысушылар қызыл жалынға оранған алау көтеріп, түрлі рәсімдерін өткізді.

Үндінің аңыз-әңгімелерінде Дургу жындармен күресіп, бақыт пен тұрақтылық әкелетін кейіпкер. Фестиваль сегіз күнге жалғасады. Екі топқа бөлінген адамдар бір-біріне от лақтырып, өздерінше жынды қуады.

Тұрғындардың айтуына қарағанда, жергілікті жұрт әлгі қадам адамды ауруынан жазады деп сенеді екен. Әрбір келуші бес рет алау лақтырып, шайқасқа 15 минут бойы қатысуға мүмкіндік алады.

Хабар 24 телеарнасы