Полицияның хабарлауынша, олар көпшілік орындарда өздерін жарып жібермек болған.
Осы мақсатта арнайы лагерьде дайындықтан өткен. Қазір қамауға алынғандардың сәуірдің 21-і күні болған жарылыстарға қатысы тексеріліп жатыр. Тергеу барысында олардың «Жамағат ат-Таухид әл Ватания» ұйымының мүшесі екені анықталды.
Айта кетейік, сәуірдің 21-і күні Шри-Ланкада бірнеше шіркеу мен қонақ үйде жарылыс болып, 250-ден астам адам қаза тапқан еді. Тағы 500-ге жуығы жарақат алған. Бұл теракт «Ирак және Левант лаңкестік ұйымы» мойнына алған болатын.