378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕО-да ұялы байланыс ақысы өзгереді

  • 115
  • UPD: 17:20, 14.05.2019
ЕО-да ұялы байланыс ақысы өзгереді regnum.ru

Мамырдың 15-сінен бастап Еуроодақта ұялы байланыс ақысы өзгереді.

Енді Еуроодақ аймағында қоңырау шалсаңыз, минутына 19 еуроценттен, ал хабарлама үшін 6 еуроценттен артық болмайды. Бұл туралы Еурокомиссияның ресми өкілі Маргаритис Схинас Брюссельде өткен брифингте хабарлады.

Айта кетейік, жаңа бағада қосылған құн салығы ескерілген жоқ. Сондықтан ол Еуропаның әр елінде 17 мен 15 процент аралығында болады.

Маргаритис Схинас, Еурокомиссияның ресми өкілі:

- Осы аптаның сәрсенбісінен бастап Еуроодақ елдері аумағында ұялы байланыс құны өзгеретін болады. Енді тұтынушы өз елінен одақтың басқа еліне жасаған қоңырауы үшін 19 еуроцент, ал смс хабарлама үшін 6 цент төлейтін болады. Осы арқылы еуропалықтар байланыс бағасындағы үйлесімділікті сақтап қалмақ.

Хабар 24 телеарнасы