389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеуде қысқа мерзімге көлікті жалға беру қызметі дамып келеді

  • 364
  • UPD: 23:39, 18.05.2019
Мәскеуде қысқа мерзімге көлікті жалға беру қызметі дамып келеді

Мәскеу каршеринг, яғни көлікті аз уақытқа жалға алу қызметінің орталығына айналуы мүмкін.

Өйткені Ресей астанасында мұндай сервис түрі жыл сайын қарқынды дамуда. Оған көлік бағасы мен тұрақ құнының қымбат болуы себеп. Билік Мәскеудің көп ұзамай каршерингтің әлемдік астанасына айналатынына сенмді. Шаһарда қазір көлікті аз уақытқа жалға беретін 15 компания бар. Өткен жылы бұл қызмет түрін 30 мың азамат пайдаланған. Сарапшылардың пікірінше, бұған тұрғындар кірісінің азаюы мен жанармай және тұрақ бағасының өсуі ықпал еткен. Сондықтан азаматтар каршерингтің пайдасы зор екенін айтады.

Марис Сафин, жергілікті тұрғын:

- Қазір көлік бағасы жылдан жылға қымбаттап барады. Салынатын салық, жанармай бағасы және көлік тұрағының төлем құны өсіп, шығын артты. Демек, каршеринг жеке көлік сатып алуға мүмкіндігі жоқ адамдар үшін өте қолайлы әрі тиімді.

Хабар 24 телеарнасы