383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда «сары жейделілер» шеруіне қатысушылар саны азайып келеді

  • 139
Францияда «сары жейделілер» шеруіне қатысушылар саны азайып келеді kommersant.ru

Францияда сары жейделілердің наразылығы бәсеңдеп келеді.

Себебі әр апта сайын көшеге шыққан адамдардың саны азаюда. Кешегі сенбілік шеруге бүкіл ел аумағы бойынша 15 жарым мың адам ғана шықты. Париждің өзінде 1 мың 600-дей адам ғана бой көрсетті. Қозғалыс өкілдерінің айтуынша, бұған сары жейделілер арасындағы ауызбіршіліктің жоқтығы себеп. Шерушілер түрлі талап қоймай, ортақ мүдде негізінде әрекет етуге шақырды. Айта кетейік, бірер күн бұрын президент Эмманюэль Макрон билік «сары жейделілердің» барлық талаптарына жауап берді. Оған көңілі толмайтындар елдің саяси өміріне белсене аралассын деген еді.

Хабар 24 телеарнасы