Франциялық альпинист Элизабет Револь оттегі баллонын қолданбай-ақ Эвересті бағындырды.
Le Parisien газетінің жазуынша, ол бейсенбі күні Жер шарының ең биік нүктесіне көтерілген, деп хабарлайды Қазақпарат.
Дене тәрбиесінің оқытушысы болған Револь Эвересті оттегі баллонының көмегінсіз бағындырған тарихтағы алғашқы француз әйелі әрі әлемдегі тоғызыншы әйел альпинист атанды.
Енді Револь биіктігі жағынан төртінші орында тұратын Лхоцзе шыңына (8516 м) шығуды жоспарлап жүр.